Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, солтүстікқазақстандық диқандар былтыр рекордтық өнім жинай алды. Соңғы 13 жылда алғаш рет дәнді және бұршақты дақылдардан 6,2 млн тонна дақыл алынды.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша нақты көлем индексі 135,9% - бұл 936,8 млрд. теңге, осылайша республикада екінші орында, ал 2023 жылмен салыстырғанда, шамамен 180 млрд. теңгеге артқан. 2025 жылы болжам бойынша егіс алқабы 4,4 млн. га болады, оның ішінде дәнді дақылдар 3,3 млн. га майлы дақылдар 760 мың га, сондай-ақ алқаптағы жемшөп 392 мың га, картоп 9,7 мың га және көкөністер 1,5 мың га. Егілмек.
ДӘУРЕН ТОКУЖИНОВ - ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
- 2024 жылы дәнді және бұршақ дақылдардан жалпы 6,2 млн. тонна өнім алынды. Бидайдың әр га 18,6 центнер, сондай-ақ майлы дақылдардан 11,5 ц/га жиналды. Өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш жақсы. Десек те бидай мен арпа бағасының тоннасына 60 және 50 мың теңгеге дейін төмендеуі жағдайды қиындатып отыр.
Майлы дақылдарға келетін болсақ, рапс және зығыр сияқты майлы дақылдардың бағасы 10% - ға дейін өсіп, тоннасына 190 -200 мың теңгеге жетті. Барлық технологияларды сақтаудың арқасында ғана жақсы нәтижелерге қол жеткізілді. Биыл алқаптарға 333,5 мың тонна минералды тыңайтқыш енгізу жоспарланған. "Зенченко және К" КТ компаниясы майлы дақылдарды қайта өңдеу цехын салады, қуаты жылына 12,8 мың тоннаны құрамақ.
ДӘУРЕН ТОКУЖИНОВ – ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
- "МаслоДел" ЖШС май экстракция зауытының құрылысы аяқталды. Бұл Қазақстан аумағындағы осындай бағыттағы ең ірі кәсіпорын.. Зауыт 120 мың тонна дайын өнім шығаа алады. Сондай-ақ дайын өнімнің 80% н экспортталады. Тазартылмаған күнбағыс майының алғашқы партиясы өткен жылдың желтоқсанында шығарылды.
Жемшөп базасын дамытуға ерекше назар аударылды. Былтыр 1,5 млн тонна шөп,414 мың тонна пішен, 515,8 мың тонна сүрлем, 1310 мың тонна сабан дайындалды.
Сондай-ақ былтыр сүт өндірісі 6,3% - ға, жұмыртқа өндірісі 6,1% - ға ұлғайды.