Явленка ауылында «АМАНАТ» партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының жауапты хатшысы Жеңіс Асановтың жетекшілігімен Есіл аудандық партия активінің жиналысы өтті. Аудан әкімі 2024 жылды қорытындылап, халық алдында атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді.

Есіл аудандық мәдениет үйінде өткен есеп беру жиынында екі жылдық жұмыстың қорытындысы шығарылды. Жиында аудан әкімі Мереке Мұхамедияровтың сайлауалды бағдарламасының барлық тармақтары 98 пайызға орындалғаны айтылды. «АМАНАТ» партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының жауапты хатшысы Жеңіс Асанов бұл жоғары көрсеткіш, деп атап өтті. Ол партия үшін сайлаушылармен жұмыс істеу, азаматтардың мәселелерін көтеріп, оны қоғамда талқылау маңызды екендігін жеткізді.

ЖЕҢІС АСАНОВ, «АМАНАТ» ПАРТИЯСЫ СҚО ФИЛИАЛЫНЫҢ ЖАУАПТЫ ХАТШЫСЫ:

- Өздеріңізде білесіздер бізде айтылған уәделерді орындау. Кеше үкімет отырысында естіген шығарсыз, әр деңгейдегі әкімдер халыққа жақын болуы керек, тікелей диалог болу керек. Бүгін біз сол диалогтың орындалыпжатқанын көрдік. Әлі жасалатын жұмыс көп. Әрі қарай жақсы жүргізетініне сенімдіміз.

«АМАНАТ» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік маңызы бар нысандарын қамтитын өңірлік жол картасы әзірленді. Есіл ауданында 57 тармақтың 56-сы орындалып, су тасқыны болғандығына қарамастан аудан экономикасы жақсы өсім көрсетті. Ауыл шаруашылығының жалпы ішкі өнімінің көлемі 65 млрд теңгені құрады.

МЕРЕКЕ МҰХАМЕДИЯРОВ, ЕСІЛ АУДАНЫ ӘКІМІ:

- Бұл нәтижеге қол жеткізу әкімдіктің, мемлекеттік органдардың, Аманат партиясының аудандық филиалының, бизнестің бірлескен үйлесімді жұмыстарының және біздің тұрғындарының белсенді қатысуының арқасында мүмкін болды. 

Биылғы жылға арналған жоспарда 30 тұрғын үй мен бір көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы бар. Сондай-ақ бірінші тау-кен компаниясының карьерын ашу, бастауыш мектеп пен 27 жел қондырғысын салу жоспарланған.