Биыл «Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында 18 жасқа толмаған әрбір қазақстандыққа 129,38 доллар мөлшерінде қаражат аударылды. Осы жылы бағдарламаға 6 921 035 бала қатысып жатыр. Төлемдердің жалпы соммасы 888,8 млн долларды құрайды.

Естеріңізге сала кетейік, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы 2024 жылы іске қосылды. Президенттің бұл бастамасы жастардың әл-ауқатын арттыруға, сондай-ақ білім алуына жан-жақты жағдай жасап, табысты болуларына бағытталған. 2024 жылы жобаға 2006-2023 ж.ж. туған балаларды қоса алғанда 6 919 131 адам қатысып, әрбірінің шотына 100,52 доллар жіберілді. Оның жалпы құны - 695,5 млн доллар. Осылайша, Бағдарламаға екі жылдан бері қатысып келе жатқан балалардың жинақтарында 232,94 доллар жиналды. «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша аударымдар туралы ақпарат eGov.kz порталында және eGov Mobile мобильді қосымшасында 1 ақпанда көрсетіледі.