Өткен жылдың қорытындысы бойынша облыста 20 мыңнан астам жұмыссызға тиісті көмек көрсетілді. Нәтижесінде 17 мың 300-і жұмысқа орналастырылды. Субсидияланған жұмыс орындарына 4 мың 700 адам жіберілді. Оның 320-ы әлеуметтік жұмыс орнына, 653-і жастар тәжірибесіне, 3 мыңнан астамы қоғамдық жұмысқа тартылған.

Бұдан бөлек 3,1 мың адам оқуға жіберілді. Тағы 10 мыңға жуық өңір тұрғыны қызмет саласын ауыстыру мақсатында әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті. Бұдан басқа, 2024 жылы жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін халықтың әлеуметтік осал санаттарына 400 АЕК-ке дейінгі мөлшерде 282 грант берілді. Сонымен қатар, мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шаралар Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі аясында іске асырылады. Нәтижесінде былтыр мүгедектігі бар 615 адам жұмысқа орналасқан.