Журналист болу үшін әртүрлі тақырыптарда ақпарат жинап, оны жұртқа жеткізу үшін ізденісте болу керек. Журналист Наталья Варова-облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы , туған өлкенің экологиясы, өсімдіктер мен жануарлар әлемі туралы хабарлардың авторы және жүргізушісі болды. 1-ші ақпанда "Қызылжар" телеарнасының ардагері 70 жасқа толады.

Наталья Варова - журналистерң әулетінен. Әкесі-Николай Варов Қазақ мемлекеттік ақпарат агенттігінің арнайы тілшісі, анасы-Нонна Варова Петропавлдағы телестудияда режиссер болды. Наталья бала кезінен кітап, газет –журнал оқып, теледидар мен радионың жұмысына қанықты. Петропавл телевизия студиясына 1972 жылы режиссердің көмекшісі ретінде орналасты. Кейін Орал мемлекеттік университетінде білім алып, дипломы бар маман болып қайта оралды.

НАТАЛЬЯ ВАРОВА, ТЕЛЕАРНА АРДАГЕРІ:

- Әрине, біздің жолымыз болды. Себебі, ол кездегі режиссерлердің бәрі өз істерінің шебері еді. Галина Жаворонкова, Галина Шветова талапшыл әрі қатал болғанымен керемет жұмыс істедік.

Ұзақ уақыт бойы Наталья Николаевна режиссер Галина Жаворонкова бастаған шығармашылық топпен бірге бірнеше жыл "Непростой вопрос" ток-шоуын эфирге шығарды. Бағдарлама апта сайын кешкі сағат жетіде тікелей эфирде көрсетілді.

НАТАЛЬЯ ВАРОВА, ТЕЛЕАРНА АРДАГЕРІ:

- Тұрғындар жұма күні кешке үйге асығады. Ал біз сағат 7-де -тікелей эфирде жұмыс істейтінбіз. Сол себепті болар, тікелей эфир жаныма жақын. Өйткені онда екінеші мүмкіндік берілмейді

Бүгін Наталья Варова- зейнет демалысында. Ал 1-ші ақпанда ол 70 жасқа толады. Біздің телеарна ұжымы Наталья Николаевнаны мерейтойымен құттықтап, ұзақ өмір тілейді!