Табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыстық департаментінде кезекті кездесу өтті. Күн тәртібіне шығарылған мәселе – облыста жылу энергиясын өндіру тарифі көтеру. "Севказэнергосбыт" акционерлік қоғамы тыңдалымда жобаны ұсынды. Өсім шамамен 14,8%-ды құрайды.

Жылу энергиясын өндіруге арналған тариф Петропавлдағы қоғамдық тыңдалымда қаралды. "Севказэнерго" АҚ жобасына сәйкес оның құны 725 теңгеге немесе шамамен 15% - ға артады. Ал бұл тұтынушы үшін түпкілікті тарифке әсер етуі мүмкін деп атап өтті Табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыстық департамент басшысы.

ДАМИР ТОҚТАМЫСОВ, ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ КОМИТЕТІ СҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

- Негізгі себептері: өндірістік және әкімшілік персонал жалақысын қайта қарау, сатып алынатын көмір-отынның бағасының өзгеруіне байланысты. Осы себептерге байланысты жылу энергиясын өндіру тарифын өзгеруі 14,8 пайызды құрап отыр.

Жылу энергиясын өндіру жөніндегі қызметтің құны 2023 жылдан бастап 1 гигакалория үшін 4,9 мың теңге болып бекітілген. Баға өзгерісінің себебін «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ бас директоры Анатолий Казановский түсіндіріп берді.

АНАТОЛИЙ КАЗАНОВСКИЙ, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ БАС ДИРЕКТОРЫ:

- Бұған қызметкерлердің жалақыларының өсуі себеп. Және мұндағы ең маңызды мәселе стратегиялық тауар – көмір құнының қымбаттауы. 1 қаңтардан бізде баға 2 400 тегң болып бекітілді. Ал, 1 тонна көмірді сатып алудың құны – 4 300 теңгені құрайды.

Тыңдалымға жиналғандар сұрақтарын ортаға салып, ұсыныстарын айтты. Ал, шешімді алдағы уақытта Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаменті шығаратын болады.