Учаскелік полиция пункттерін жабдықтау, нашақорлық пен ұрлыққа қарсы күрес, жол инфрақұрылымын жақсарту. Облыс полицейлері мен қоғам белсенділері биыл атқарылатын жұмыс жоспарын талқылады. Облыстық полиция ведомствосы баспасөз қызметінің материалына назар аударайық.
СҚО ПД жанындағы консультативтік-кеңесші орган биылғы жылдың алғашқы отырысын өткізіп, атқарылған жұмыстарды қорытындылады және алдағы 12 айға басымдықтар анықталды. консультативтік-кеңесші орган төрағасы Жасұлан Ахметов өткен жылда тоғыз мәселе қарастырылғанын атап өтті.
Жасұлан Ахметов — СҚО ПД жанындағы ККО төрағасы:
- Отырыс барысында қабылданған ұсыныстар ұдайы бақылауда және оларға мониторинг жүргізіледі. Біздің ұсыныстарымыздың бір бөлігі ПД-нің қызметтерімен орындалды.
Осы жылғы негізгі тақырыптардың бірі — учаскелік полиция пункттерін жабдықтау, нашақорлық пен ұрлыққа қарсы күрес, жол инфрақұрылымын жақсарту. Қоғам белсенділері жол қауіпсіздігі мәселелерін кеңінен талқылауды ұсынды, оның ішінде автотұрақтар мен апаттық-қауіпті учаскелердің жағдайы да бар.
Павел Афанасьев — СҚО ПД жанындағы ККО мүшесі:
- Меніңше, ірі сауда ойын-сауық орталығы жанындағы автотұрақ мәселесін жекелей қарау қажет, тек сауда орталықтары маңындағы ғана емес, оқу орындарының, сондай-ақ мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының маңындағыны да.
Жиында полиция бөліністеріндегі заңдылық туралы да баяндалды. СҚО ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша кешенді жұмыс жүргізіліп жатқандығын хабарлады.
Әлішер Нұралиев — СҚО ПД ӨҚБ бастығының орынбасары:
- Өткен жылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 3 ішкі талдау жүргізілді Осы талдаулардың нәтижесі бойынша ұсыныстар көрсетілген аналитикалық анықтама дайындалып, ІІМ-ге пысықтау және қарау үшін жіберілді. Сонымен қатар, өткен жылы интегрити чек бойынша адалдыққа 66 нысан тексерілді.
Полицейлер консультативтік-кеңесші орган — қоғам мен полицияның маңызды диалог алаңы, полиция ашықтығының сенімді құралы екенін атап өтті.