Петропавлда жоғары сынып оқушылары Қазақстан тарихынан білімдерін сынады. Абылай хан резиденциясы музей кешенінде өткен интерактивті олимпиа білім мен тарихқа құмар жасөспірімдедің басын қосты.
«Абылай хан дәуіріндегі Қазақ хандығы». Осы тақырыпта өткен олимпиадаға Петропавлдың 4 мектебінің жоғарғы сынып оқушылары қатысты. Олар Қазақ тарихына қатысты білімдерін сынап, зияткерлік сайысқа түсті.
ӘЛИЯ МӘМБЕТАЛИНОВА, «АБЫЛАЙ ХАН РЕЗИДЕНЦИЯСЫ» МУЗЕЙ КЕШЕНІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
- Олимпияданың мақсаты Абылай ханның мұрасымен оның билік еткен дәуірін кең аудиторияға тарату, насихаттау және жастар арасындағы тарихи зерттеуге қызығушылық тудыру мақсатында ұйымдастырылған.
Олимпиада ерекше интерактивті форматта өтті. Қатысушылар викториналық сұрақтарға жауап беріп, тарихи кейстерді шешіп, пікірталастарға қатысты, шығармашылық тапсырмаларды орындады. Олар бірнеше топқа бөлініп, Абылай ханның өмірі, саяси көрегендігі мен мәдени мұрасы жайында өз білімдерін ортаға салды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай танымдық іс-шаралар ұлт тарихын дәріптеп, жас ұрпақтың қызығушылығын арттыруға, сондай-ақ Абылай хан дәуірінің бай мұрасын кеңінен насихаттауға бағытталған.
ГЛЕБ ГУЧЕР, МЕКТЕП ОҚУШЫСЫ:
- Мен осы олимпиадаға өз еркіммен қатысЫП ЖАТЫРМЫН. Себебі тарихты жақсы білемін. Бұл тек білімді шыңдап қана қоймай, еліміздің ұлы тұлғалары, оның ішінде Абылай хан сияқты тарихи тұлғалардың еңбегін насихаттауда маңызы зор.
Олимпиада қорытындысы бойынша үздік қатысушылар дипломдар, сыйлықтар және ақшалай сертификаттармен марапатталды.