Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қызметкерлері, мүдделі мемлекеттік органдар мен аңшылық шаруашылықтары жабайы жануарлардың қыстан аман шығуы үшін тиісті шараларды қолға алған. Соның бірі – қосымша қоректендіру. Орманшылар арнайы бөлінген алаңдарда жемшөп қалдырады. Тілші бейнематериалына назар аударайық.

"Пригородное" аңшылық шаруашылығы үш аудан аумағында орналасқан. Оның аумағында бұлан, қабан, елік, түлкі, борсық, қоян мекен етеді. Аңшылық шаруашылығында 7 адам жұмыс істейді. Олар жаз бойы шөп шауып, жинап, қайың сыпырғыштарын әзірлейді. Қыс мезгілінде, жануарларға өздігінен жем табу қиын болған кезде, қосымша қоректендіруге кіріседі.

ВИКТОР БАБИНОВ "ПРИГОРОДНОЕ"АҢШЫЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ АҒА ҚОРЫҚШЫСЫ:

- Елік ҚАЙЫҢ сыпырғыштарын ұнатады. Ақпан айы жабайы жануарлар үшін ең қиын кезең, әдетте қалың қардан тебіндей алмайды. Мұндайда сыпырғыштарды тастаймыз.

Қорықшылар жабайы жануарлардың іс-қимылдарына қанық. Оларды ізінен таниды. Мысалы, түлкі бір ізбен жүреді. Оның негізгі тамағы – тышқан. Былтырғы есеп бойынша облыс аумағында 22 мыңнан астам елік, 4 мыңға жуық қабан мекендейді

МИХАИЛ НИКИТИН, СҚО ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

- В области имеется 47 охотничьих хозяйств, из них 42 закреплены к субъектам охотничьего хозяйства – переданы в аренду. 5 находится в резервном фонде. Ежегодно заготавливаются корма в летний период. Всего для подкормки диких животных заготовлено сена более 1200 тонн. Облыста 47 аңшылық шаруашылық бар, оның 42 – сі жалға беріледі. 5-еуі резервтік қорда. Жыл сайын жазғы кезеңде жемазық дайындалады. Жабайы жануарларды азықтандыру үшін барлығы 1200 тоннадан астам шөп әзірленеді.

Былтыр осы уақытта еліктер азық іздеп елді мекендер ішіне кіріп кеткен еді. Биыл әзірге жағдай жақсы.