Н. Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында комедиялық спектакльдің премьерасы өтті. «Кто-то должен уйти» атты бұл пьессаның авторы Валентин Красногоров. Ал режиссеры Батырбек Шәмбетов. Қойылым 1 сағат 40 минутқа шақталған. 

«Кто-то должен уйти» спектакльі белгілі бер мекемедегі қызметкерлерді қысқарту жайлы. Жұмыстан 1 адам кету керек. Салдарынан әріптестер арасында кикілжің туады.

БААТЫРБЕК ШӘМБЕТОВ, РЕЖИССЁР:

- Бұл спектакль арқылы ұжымдағы жауапсыздық салғырттық жайында көрсеткіміз келеді. Осының кесірінен үлкен мекеменің жұмысы тоқтап қалады. Сол жайында көбірек көрсеткіміз келді. Бұл спектакль жайлы айтсам 2 айдан артық жұмыс істедік. 7 актер жұмыс жасайды. Барлығы театрға еңбегі сіңген, тәжірибелері бар әртістер.

Комедиялық спектакль жиналған көрерменнің көңілінен шықты.

ИВАН МИНЧЕНКО, АКТЕР:

- Бұл спектакльде мен Юраның рөлін ойнаймын. Ол спортшы, әрі өте аңғал жігіт, қолынан келген барлық жұмысты істей береді. Кейіпкерім өте жан-жақты. Жүзу, футбол, волейбол болсын барлық спорт түрімен айналысады. Өзіме бұл рөлді алып шығу қиын болмады. Режиссер да өте жақсы. Ол кісімен бірінші рет жұмыс істеп тұрсам да маған барлығы ұнады.

Премьерадан кейін бұл спектакль көрермен назарына тағы 2 күн бойы ұсынылды.