15 қаңтар күні таңғы сағат 6:32-де Петропавлдағы 2 жылу электр орталығында су жүйесінде ақау орын алып, нәтижесінде автоматты жүйе штаттық режимде іске қосылып, станцияның негізгі жабдықтары өшірілген. Бұл туралы «СЕВКАЗЭНЕРГО» мамандары мәлімдеді.
Олардың айтуынша, қызметкерлер ақауды жедел түрде оқшаулап, қазіргі уақытта жүйені қалпына келтіру жұмыстарымен айналысуда. Қаладағы жылу жүйесіне айтарлықтай әсер етпегенімен, температурада болмашы уақытша өзгерістер байқалуы мүмкін. Станцияның жұмыс режимі сағат 17:00-ге дейін толық қалпына келтіріледі.