Қазгидромет республикалық мемлекеттік кәсіпорнының облыстық филиалы қаңтар айына арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, өңірде қаңтардың бірінші онкүндігінің екінші жартысында ауа температурасы төмендеп, аяз келеді.
ГҮЛЗАТ ҒАЗИЗОВА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК СҚО ФИЛИАЛЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
- Бірінші онкүндіктің екінші жартысында ауа температурасы түнде 0-5-ке және 8 градус аяздан 11-16 кей жерлерде 20 градус аязға дейін, күндіз 0-5 градус аяздан 5-10 кей жерлерде 13 градус аязға дейін ауытқиды. Екінші онкүндіктің басында ауа температурасы түнде 3-8 градус аяз, күндіз 1-6 градус аяз болжанады. Содан кейін, ауа температурасы түнде 15-20 градус аяздан 10-15 градус аязға дейін, күндіз 8-13 градус аяздан, 3-8 градус аязға дейін ауытқуы болжануда. Үшінші онкүндікте ауа температурасы түнде 15-20 градус аяздан, 10-15 градус аязға дейін, күндіз 10-15 градус аяздан, 5-10 градус аязға дейін ауытқуы болжанады. Жауын-шашынның айлық мөлшері норма шамасында. Кей жерлерде нормадан көп болады деп күтілуде. Норма 12-25 мм. Қар бұрқасын жел 15-20 метр секундына дейін 1 ай ішінде жиі болжанады. Тұман екінші және үшінші онкүндіктердің басында болжанады.