Жол қауіпсіздігі мәселелері мен сотқа дейінгі тергеу барысында азаматтардың құқықтарын сақтау. Облыстық полиция департаменті жанындағы консультативтік-кеңесші органның биылғы соңғы отырысы осы тақырыпқа арналды. Биыл өңір жолдарында жол жүрісі қағидаларын бұзудың 65 мыңнан астам дерегі анықталған.
Алғашқы болып СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Уәлихан Оразалин сөз алды. Ол өз баяндамасында жол-көлік оқиғаларының негізгі себептеріне тоқталды.
Жүргізілген талдауға сәйкес, жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері – жол жүрісі қағидаларының өрескел бұзушылықтарына жол беретін жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің төмен тәртібі.Биылғы жылдың 11 айында жол жүрісі қағидаларын бұзудың 65 мыңнан астам дерегі анықталдыү.
Бұдан бөлек, полицейлер облыс жолдарында 1098 мас жүргізушіні тоқтатты. Полицейлер мен консультативтік-кеңесші орган мүшелері профилактикалық жұмысты жалғастыру туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ бірқатар жаяу жүргіншілер өткелдеріне бағдаршам орнату, жол инфрақұрылымының басқа да өзгерістерін енгізу мәселелерін қарастырды.
Соңғы жылдары біздің мемлекеттік саясат қылмыстық және сот процесін гуманизациялауға бағытталған. Осыған байланысты Қылмыстық-процестік кодекстің 128-бабының тәртібінде адамды ұстау және қылмыстық істер бойынша күдікті тұлғаларға қатысты күзетпен қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану ерекше бақылауда.Қылмыстық-процестік кодекстің 128-бабының тәртібінде күдіктілерді ұстаудың барлық фактілері міндетті түрде тергеу басқармасымен келісіледі.
Тергеу басқармасының бастығы Азат Құсайыновтың баяндамасын тыңдап болған қоғам белсенділері, тәртіп сақшыларына сотқа дейінгі тергеу сапасын арттыру жөнінде бірқатар кеңес айтты, жас қызметкерлердің кәсіби бейімделуіне және өсуіне ықпал етуді ұсынды.