Облыстық психикалық денсаулық орталығында жасөспірімдер арасында автодструктивті мінез-құлықтың алдын алу бойынша семинарлар өткізіліп келеді.
Бұл жолы балалар арасында деструктивті ойлардың алдын алу жолдарын талқылау мақсатында психологтар, білім беру, прокуратура және ювеналдық полиция өкілдері жиналды. Жалпы ересектер әрқашан баланың әдеттен тыс мінез-құлқын тани білуі керек. Сарапшылардың пікірінше, жасөспірімдердің 75% аутодеструктивті белгілер бар. Егер олар дер кезінде анықталса, қайғылы оқиғаның алдын алуға болады.
ДӘУРЕНБЕК БЕЙСЕМБАЕВ, ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
-Біз арнайы 20 орынға шақталған балалар бөлімшесін аштық. Осы жылы 56 жасөспірімді қабылдадық, қазіргі уақытта тек 1-і ем қабылдап жатыр. Барлығына психологиялық көмек көрсетілді. Енді сабақтарына барып жүр.