Петропавлда педагогикалық идеялар фестивалі өтті. №25 мектепке өңірдің түкпір-түкпірінен 80-нен астам педагог жиналды. Олар өздерінің тың идеяларын ұсынып, тәжірибе бөлісті. Ал жеңімпаздар облыстың намысын республикалық деңгейде қорғайды.

Байқаудың екінші кезеңіне аудандық/қалалық кезеңдердің жеңімпаздары жіберілді. Олар - мұғалімдер, балабақша ТӘРБИЕШІЛЕРІ, психологтар мен әдіскерлер. Педагогтер өз жобаларын 11 бағыт бойынша TEDx форматында қорғайды. Ең бастысы - тәжірибенің жаңашылдығы мен тақырыптың өзектілігі.

НҰРЛАН САДЫҚОВ "ҚЫЗЫЛЖАР ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ДАРЫНДЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӘДІСКЕРІ:

-Бүгін бізде республикалық педогогикалық идеялар фестивальініің облыстық кезіңі өтіп жатыр. Әлемде идеяар көп. Негізгі мақсаты осы көп идеяларды қолдану, ұстаздардың қолдана білуі.

Есіл ауданынан келген музыка және ән пәнінің мұғалімі Алеся Смолинаның педагогикалық идеясы- түсті музыканың көмегімен бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту. Мұғалімнің тәжірибесі қарапайым және ерекше балалар арасында нәтиже береді. Ал географ Арманбек Абдықұлов қаржылық сауаттылықты негізге алған.

АРМАНБЕК АБДЫҚҰЛОВ ГЕОГРАФИЯ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ

- Менің педагогикалық оқушыларға қаржылық сауаттылықты үйрету, болашақта оқушыларымыз абыройлы салаутты қаржылыққа жақсы көз қарасымен азаматтар болсын деп сол мақсатпен педагогикалық идеямызды шығардық.

Облыстық кезеңнің жеңімпаздары қаңтар айында Алматы қаласында өтетін республикалық байқауға қатысады.