Петропавлда Азамат Нұрпейісовты еске алуға арналған кикбоксингтен «Қызылжар» турнирі басталды. Осыменен 8-шы жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан дәстүрлі сайысқа еліміздің барлық өңірінен 248 спортшы келген. Тілшіміз дайындаған бейнематериалына зер салсақ.

Петропавл тумасы Азамат Нұрпейісов болашағынан зор үміт күттірген спортшылардың бірі болды. ҚР ҰҰ арнайы бөлімшесінің жауынгері кикбокстен халықаралық деңгейдегі спорт шебері, 2009 жылы Италияда және 2013 жылы Түркияда кикбоксингтен өткен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері және басқа да көптеген халықаралық, республикалық жарыстардың жеңімпазы. Азамат 27 жасында ауыр дерттен қайтыс болды.

СҰЛТАН ҚУАНДЫҚ, ҚАЗАҚСТАН КИКБОКСИНГ ФЕДЕРАЦИЯСЫ ТӨРЕШІЛЕР АЛҚАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

 - СҚО Азамат Нұрпейісовты еске алуға арналған халықаралық дәрежедегі спорт шебері, өзіміздің бауырымыз, кикбоксингтын әлемге атын танытып жүрген марқұм Азамат Нұрпейісівті еске алуға арналған турнрі. ҚР әцелдер мен ересектер арасындағы чемпионаты Петропавл қ өткізіліп отыр. Жарысқа 248 спортшы қатысып жатыр, 17 регионнан. Мен осы жарыстын бас төрешісімін.

Дәстүрлі түрде 2016 жылдан бері өткізіліп келе жатқан турнирде ерлер 12 салмақ дәрежесі бойынша өнер көрсетсе, қалған 7 салмақ қыздар арасында өтпек. Дүбірлі доданы чемпионның әкесі жылда немересімен бірге тамашалайды. Бауыр еті баласының ғұмыры қысқа болды. Бірақ, талай жетістікке жетті. Ерік Нұрпейісов ұлының жетістігімен мақтанады.

ЕРІК НҰРПЕЙІСОВ, АЗАМАТ НҰРПЕЙІСОВТЫҢ ӘКЕСІ:

- Менің баламның өмірден өткеніне 10 жылға жақындап қалды. Жылма-жыл өтеді. Бүгін қазақ елінің түпкір-түпкірінен жастар міне жиналды. Біздің қызылжар өңіріне. Маған болса көңіліме демеу. Спротсмендерге жер көру, ел көру. Ол да бір қызық. Сондықтан айтарым ризамыз. Мен өз басым осы басшылықарға, осынын бәрін ұйымдастырғандарға ризашылығымды білдіремін. 

Ортаға – 12 келі салмақ дәрежесіндегі спортшылар шықты. Соқыр жеребе павлодарлық Ерқанат Калитов пен жерлесіміз Айдар Жүсіпбайды жұптастырды. Кикбоксшылар бір-бірін қыспаққа ала жөнелді. Бұл кездесу тағдырын төрешілер шешті. Мамандар бірауыздан жеңіске Ерқанат Калитов лайық деп тапты.

ЕРҚАНАТ КАЛИТОВ, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ:

-Мен өзім Павлодар қаласының тумасымын. Кикбоксингпен 2 жарым жыл айналысып жүрмін. Осы қалаға 3 рет келіп тұрмын. Алдында 2 рет кубок севераға қатыстым. Осы рет чемпонат РК келдім. Қарсыласым жалпы мықты болоды. 1 раунт разведкамен жасадық екеуміз. 2 раунтта баса берді. Мен қайтпадым. Екеуміз бар күшімізді салып, 3 раундта мен сәл қаттырақ ұрып, сопернигім шегіне бастады. Жалпы осы өтіп жатқан жақсы өтіп жатыр. Мен тек қана 1 орын аламын деп үміттеніп келдім. 

Айта кетейік, турнир 3 күн өтеді деп жоспарланған. Жеңімпаздарға кубок пен медальдар табыс етіледі.