Петропавл қаласы Мағжан Жұмабаев атындағы ІТ-мектеп-лицейде құрылған «Жас сақшы» сыныбының оқушылары мен олардың ата-аналары полиция басшылығымен кездесті. «Жас сақшы» сыныбына болашақта полицияға жұмысқа келуге ниетті жетінші сынып оқушылары кіреді.

Әлихан Ақылбай, М.Жұмабаев атындағы ІТ-мектеп-лицейдің 7-сынып оқушысы:

-Бүгін бізге полиция қызметкерлері келді. Полиция жұмысының ерекшеліктерін, жақсы ісін, жақсы заттарды, үлкендерді сыйлауды үйретеді.

Қазақстан полицейлері қызметке барынша дайындалған және ынталы адамдардың келуіне мүдделі. Заң мамандықтарының студенттерімен белсенді жұмыс жүргізіледі. Мұндай сыныптың ашылуы – болашақ полицейлерді мектептен дайындаудың алғашқы қадамы.

Абылғазы Ғабдуллин, СҚО ПД бастығы орынбасарының міндетін атқарушы:

-Уақыт тез өтеді ғой. Бүгін балаларыңыз жетінші сынып болса, ертең он бірінші сынып бітіріп жатады. Осы «Жас сақшы» класында оқып шыққан соң, егер аяқтайтын болса, жаңа видеода көрсетті ғой. Біздің жоғары білоім беретін академияларымыз бар: Қарағанды академяисы, Алматы академиясы.

Әзірге балалар полиция қызметінің ерекшеліктерімен таныстырылып жатыр. Жақында «Жас сақшы» қатысушылары ПД музейіне экскурсияға барды, олар облыс аумағындағы ІІО тарихы, қызметкерлердің ерліктері және өткен жылдарда болған атышулы қылмыстар туралы білді. Сондай-ақ полицейлер оқушыларға жедел басқару орталығын көрсетті, онда тәулік бойы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүреді.

Анеля Хамзина, М.Жұмабаев атындағы ІТ-мектеп-лицейдің 7-сынып оқушысы:

- Мен келешекте осы «Жас сақшы» клубына ары қарай қатысып, өз мамандығымды таңдағанда, маған осы «Жас сақшы» клубы көмектеседі деген ойдамын.

Бұдан бөлек, «Жас сақшы» сыныбының оқушыларына полицейлер түрлі сабақтар, оның ішінде «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамында спорт секциясын ұйымдастыруды жоспарлап отыр, онда арнайы бөлімшелердің қызметкерлері және шақырылған мамандар жауынгерлік күрес тәсілдерін үйретеді, дене шынықтыру даярлығын дамытады. Келешекте спорт және полиция қызметі жағынан жақсы көрсеткіштерге ие талапкерлерге ҚР ІІМ-нің жоғары оқу орындарына оқуға түсу оңайырақ болады.