Облыс әкімі сусындар шығаратын жаңа зауытта болды. Кәсіпорында автоматтандырылған заманауи еуропалық қондырғылар орнатылды. Нәтижесінде өнімділік өсе түсті. Компания өнімнің 70 пайызын экспортқа шығаруды жоспарлап отыр. Аймақ басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов жаңа зауыттың жұмысын көрді.

Петропавлдағы сусындар шығаратын зауыт модернизациядан кейін қыркүйек айында іске қосылды. Бұл жобаға 13 миллиард теңгеге жуық инвестиция құйылған. Бүгінде кәсіпорын 80 пайыз қуаттылықта жұмыс істеп тұр. Оның жұмысымен өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов танысып қайтты. Кәсіпорында өндірістің әр кезеңі автоматтандырылған.

Өндірістің іске қосылуы мультипликативті әсер береді. Зауыт технологиялық мүмкіндігі бойынша сағатына 29 мың бөтелке дайын өнім өндіреді. Бұл кәсіпорын облыстағы ең ірі салық төлеуші. Өткен жылы зауыт облыс бюджетіне 15,6 миллиард теңге салық төлесе, оның 13,5 млрд - акциздер. Жаңа желілердің іске қосылуы акциздердің түсімін 22 млрд теңгеге дейін көбейтпек.

Зауыт 385 адамды екі қолға бір күрекпен қамтыған. Орташа жалақы 270 мың шамасында. Жаңа өндірістің іске қосылуы жұмыс орындарын ашуға, салық базасы мен бюджет түсімдерін ұлғайтуға мүмкіндік берді.

Наталья Воропаева, зауыттың цех басшысы

Қуатты зауыт ашқанымызға өте қуаныштымыз. Мен бұл зауытта 23 жыл жұмыс істеймін. Бұрынғы ескі зауыттағы мүмкіндіктер мен қазіргі замануи кәсіпорындағы мүмкіндіктерді салыстыруға келмейді. Бұл үлкен перспектива. Алға қойылған мақсат бір. Бұл - сапалы өнімді шығару.

Жаңа кәсіпорында заманауи зертхана мен арнайы жүйелер енгізілсе, жабдықтар шетелден әкелінген. Автоматтандырылған заманауи еуропалық қондырғылар орнатылды.

Технология полностью Молдавская. Местная строительная компания общий каркас строили. А вот технологию молдоване, а линия розлива Итальянская полностью. Здесь также французские фильтра, немецкие насосы.

Кәсіпорын тек отандық нарыққа ғана емес, сонымен қатар шетелге де экспортқа жол ашқан. Компания өнімнің 70 пайызын экспортқа шығаруды жоспарлап отыр. Бүгінгі күннің өзінде өнім Ресей, Германия, Литва, Эстония, Грузия, Армения, Тәжікстан мен Моңғолия елдеріне жеткізіледі.