Жыл басынан бері облыста 380-ге жуық өрт тіркелген. Салдарынан 29 адам қаза тауып, 34 – і ауыр жарақаттанды. Ал,көмірқышқыл газынан 21 адам уланып, 5 адам мерт болды. Құтқарушылардың сөзінше, бұл жағдайлардың көбі, яғни 74 пайызы жеке тұрғын үй секторында болған.

Ал, жылыту маусымы басталғалы өңірде 55 өрт тіркеліп, 8 адам мерт болды. Оның біреуі - бала. Келтірілген шығын көлемі - 8 млн 130 мың теңге.

ДМИТРИЙ РАСТИХИН, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Жыл басынан бері департамент қызметкерлері 75 365 тұрғын үйге тексеріс жүргізді. Тексеру аясында 184 мыңнан астам адам қамтылды. Білім ордаларында арнайы жиындар мен түсіндіру іс-шаралары өткізілді. Жалпы, өрт шығуының негізгі себептері қауіпсіздік ережелерін дұрыс ұстанбау. Және жанып тұрған пешті қараусыз қалдыру. Сондықтан, тұрғындарды барынша мұқият және сақ болуға шақырамыз.