Солтүстікқазақстандық аграршылар биыл рекордтық жақсы өнім алып, 6,2 млн тонна дақыл қамбаға құйылды. Ет пен сүтті өндіріп, өңдеу де жақсы жолға қойылған. Облыстағы осы саланың еңбеккерлері Петропавлда үлкен форумда бас қосып, жылды қорытындылады. Жиынға өңірдің барлық аймағынан осы саланың тұтқасын ұстаған 100-ден астам маман жиналды. Оның 36-ы облыс әкімінің қолынан марапат алып, құрметке бөленді.

Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, биыл облыс диқандары ерледі. Олар 6 млн 200 мың тонна астық жинады. Бұл соңғы 13 жылдағы ең үздік нәтиже. Форум барысында облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов орасан еңбектің нәтижесімен бөлісіп, сала өкілдерін мерекемен құттықтады

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Қымбатты өнерксәіп кешенінің еңбеккерлері, сіздерді ауыл шаруашылығы күнімен шын жүректен құттықтаймын. Халқымызда еңбек еткеннің еңсесі биік деген сөз бар. Күз мезгілі дала еңбектерінің мерейі тасып, абыройы асқақтайтын кезең. Биыл өңір диқандары мол өнім жинады. Ең қамбасы алтын дәнге толды. еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырған азаматтарға басты иіп, алғыс айтамын.

Ең маңызды сәтке де кезек келіп жетті. Құрметке бөленіп, облыс әкімінің қолынан марапат алғандардың бірі - Қабдөш Дәрбаев. Ауыл шаруашылығы саласында 41 жылдық өтілі бар азаматқа «Еңбек ардагері» медальы табысталды.

ҚАБДӨШ ДӘРБАЕВ, ЕҢБЕК АРДАГЕРІ:

- Мен 4 жылдан бері осы салада қызмет еттім. Әртүрлі жерде түрлі лауазымда еңбек еттім. Еңбегімнің жемісін көріп жатырмын. Қазір зейнеттемін.

Биыл орақта облыстағы жоғары нәтижені Аққайың ауданы көрсетті. Диқандар гектарынан 91 центнерден өнім алған. Ғабит Мүсірепов ауданында да егін науқаны ойдағыдай аяқталып, шаруашылықтар қамбаларын астыққа толтырды.

СЕРІК МАЛАЕВ, «АҚСЕЛЕУ» ЖШС-НІҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Биыл ауа-райының қолайсыздығына қарамастан жақсы егін алдық. Дәнді дақылдардан 23 ц, майл дақылдардан 15 ц-ден алдық. Бұл үкімет тарапынан берілген көмектің арқасы деп ойлаймын.

Биыл шаруашылықтар 257 мың тонна минералды тыңайтқыштарды алқапқа енгізді, сортты жаңарту бойынша көрсеткіш 10,1% . Келер жылға 470 мың тонна тұқым салынды. Бұл қажеттіліктің 100% құрайды. Облыс аграршылары сондай-ақ 52,8 млрд. теңгеге 2080 техника сатып алды. Жылды жақсы нәтижемен қорытындылаған еңбеккерлер үшін мұндай форум енді дәстүрлі түрде ұйымдастырылмақ. Жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласты.