Петропавлдық Сергей Ямпольский саналы ғұмырын спорт пен тәлімгерлікке арнаған ұстаз, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Ол 40 жылдан астам балаларды грек-рим күресіне баулып, бірнеше чемпионды тәрбиеледі. Білікті маман әр спортшының қарым-қабілетін танып, ерекшелігін байқап отырады.
Сергей Ямпольский спортшылар отбасында өскен. Әке жолын қуған ол ғұмырының 40 жылын осы салаға арнаған. Қазір 66 жаста.
СЕРГЕЙ ЯМПОЛЬСКИЙ «Жоғары спорттық шеберлік мектебі» КММ грек-рим күресінен жаттықтырушысы:
- Әкем жаттықтырушы болды, өзім де спортпен жиі айналыстым. Кейін жаттықтырушы болдым. Күреспен 14 жасымда айналыса бастадым. Бүгінде шәкірттерім әлем және олимпиада жүлдегері. Осы жасымда спортты тастамай алып жүрген өзі ме де жақсы. Әрі жастармен тәжірибеммен бөліскім келеді.
Сергей Анатольевич ересектерді де, балаларды да жаттықтырады. Денис Пилипенко 22 жаста. Грек-рим күресімен 7 жылдай айналысады. Осы жылдар ішінде көптеген турнирлерде бақ сынаған. Сергей Ямпольскийге шәкірт болғанымды мақтан етемін дейді.
ДЕНИС ПИЛИПЕНКО БАЛУАН:
- Мен Сергей Анатольевичтің шәкіртімін. Бірге жаттығып келе жатқаныма 5 жыл. Мен үшін ең үздік жаттықтырушы. Әрдайым кеңес беріп, қолдап отырады. Бір тәсілді қате жасасам, бірден айтып, қалай орындау керегін өзі көрсетеді. Ешқашан бей-жай қараған емес.
Ямпольскийлер әулетінің спорттағы жалпы еңбек өтілі 128 жыл. Сергей Анатольевич – қажырлы еңбекпен өз мамандығына шынайы берілген ұстаздардың бірі.