1998 жылы наурызда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 21 қарашаны Дүниежүзілік телевидение күні ретінде жариялады. Нақты осы күннің белгіленуіне 1996 жылы өткен бірінші Дүниежүзілік телевизиялық форум себеп болды.

Қоғамды тәрбиелеу мен қадағалаудың таптырмас құралы саналатын телевидениеге арналған күнді атап өтудің өзіндік ерекшелігі бар. Мереке бекітілген күннен бастап қана атап өтіліп жүргенімен, телевидение тарихы 1 ғасырды қамтиды. Қазір бұл сала үлкен жетістіктер мен кәсіби қарыштау кезеңін өткеріп келеді. Қазақстанда отандық ТВ 1958 жылдың наурызында пайда болды. Әріптестерімізді кәсібі мерекемен құттықтай отыра, шынайы, әрі жағымды ақпарат көп болсын деп тілейміз.