Петропавлда сот алимент төлеуден жалтарған 41 жастағы ер адамға үкім шығарды. Оның балаларына берешегі 2,7 млн теңгеден асып кеткен. Ашық сот отырысына басқа да борышкерлер шақырылды. Жалпы өңірде алиментті тұрақты төлемей жүргендердың қарызы 260 миллион теңгеге жеткен.
1983 жылы туған Пресновка ауылының тұрғыны өз қызына 2,7 млн теңгеден астам алимент төлемеген. Ер адам ресми түрде еш жерде жұмыс істемейді.
ӘБУ-ӘЛИ САТТАР,ОБЛЫС ПРОКУРОРЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
– Тергеу оның тұрақты табысы барын біліп, сонда да алимент төлемей жүргенін анықтады. Қылмыстық істі сотқа жіберді. Қалай болғанда да, үкімді сот шығарады. Қылмыстық кодекстің 139-бабына сәкес заң бұзушылық үшін екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Ашық сотқа алимент төлемей жүргендер шақырылды. Мақсат – ата-аналық парызын орындаудан қашатындардың санын азайту. Сотталушы өз кінәсін мойындап, тіпті келісімге келуге өтініш білдіргенімен, мемлекеттік айыптаушы одан бас тартты.
2 миллион... – кездейсоқ табыс.
Айыптаушы сот орындаушысының талаптарын елемей, қызын асырау міндеттерін атқарудан жалтарып келгенін ескеріп, бір жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Жалпы, облыста алимент төлеуден жалтарғандардың қарызы 260 миллионнан асады. Жыл басынан бері 10 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған.