Мемлекеттік кірістер департаменті фискалдық деректер операторымен бірлесе отырып, «Чек талап ет те сыйлық ұтып ал» акциясын ұйымдастырып отыр.

Акция кезінде Қазақстанның әрбір тұрғыны кез келген затты сатып алу немесе ақылы қызметті қолдану кезінде смартфон және басқа да бағалы сыйлықтар ұтып алу мүмкіндігіне ие болады.

СҰҢҒАТ ҚОСПАЕВ, СҚО МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

- Акцияны өткізудегі мақсат - азаматтық белсенділікті арттыру, азаматтардың тауар, жұмыс және қызмет тұтынушысы ретіндегі өз мүдделерін қорғау бойынша құқықтық мәдениетін қалыптастыру, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту.

Қазірдің өзінде 11 апта сайын ғы ұтыс ойыны өткізілді. Әр ұтыс тікелей эфирде өткізіледі.

Осы акцияға қатысу үшін тек тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшін төленген чектерді мобильді қосымша – «Amian» арқылы тіркеу қажет. Сондай-ақ акцияға тек деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналардың чектері қатыса алады.

СҰҢҒАТ ҚОСПАЕВ, СҚО МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

- Сонымен қатар, 18 қарашадан бастап әр қатысушы чектен 100% кэшбек ұтып ала алады. «Amian» қосымшасын App Store және Play market-тен тегін жүктеуге болады.

Акция шарттарына сәйкес, чектің берілген күні мен уақыты ұтыс ойынының басталу күнінен ерте болмауы тиіс. Бір қатысушы тіркейтін чектер санына шектеу қойылмаған. Айта кетейік, акция 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін жалғасады.