Петропавлдағы Ақан сері атындағы облыстық филармонияда Ермек Қасымның «Музыка уақыт толқынында» атты жеке концерті өтті. Астана опера театрының әртісі, ҚР Қарулы Күштері Орталық әскери оркестрінің солисі өз шығармашылығын өңір тұрғындарына паш етті.

Солтүстікқазақстандықтар Муслим Магомаев, Ермек Серкебаев, Александр Зацепиннің және басқа да көптеген танымал әншілердің репертуарларынан алынған әндерді тыңдады. Айта кеткен жөн, бұл әртістің Петропавлдағы алғашқы жеке концерті.

ЕРМЕК ҚАСЫМ, "АСТАНА ОПЕРА" ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСІ:

- Негізі мен осы Қызылжар жерінің тумасымын. Мен үшін бұл үлкен той. Неге десем туған жерімдегі алғашқы концертім болайын деп жатыр. Сондықтан бұл мен үшін үлкен іс-шара деп ойлаймын. Ең біріншіден жерлестеріме мың да бір алғыс айтамын. Бүгінгі кеште өз уақыттарын бөліп, менімен бірге болып, келгендеріне мың да бір алғыс айтамын.

Жанель Жұмабаева бұған дейін елордада сүйікті әртісінің концертіне барған. Ермек Қасымның Петропавлда өнер көрсететінін естіп, бүгін мүмкіндікті пайдаланып жатыр. М.Жұмабаев ауданынан концертке арнайы келген.

ЖАНЕЛЬ ЖҰМАБАЕВА, М. ЖҰМАБАЕВ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

 - Мен бүгін жерлесіміз, туысымыз Ермек Қасымның концертіне келдім. Мен оның орындауындағы Муслим Магомаевтың әндерін жақсы көремін. Былтыр Астанаға концертіне бардым, маған өте ұнады. Сүйікті әншіме барлық жақсылықты тілеймін.

Ермек Қасым Геннадий Брюхановтың жетекшілігімен облыстық филармонияның эстрадалық және джаз музыка оркестрінің қолдауымен ән шырқады.