Петропавлда "Гауһар патшайымы" сұлулық байқауы өтті. Үш жас санатындағы 25 қатысушы ерекше атақ пен бағалы сыйлықтар үшін күресті. әріптесім тарқатып айтсын.
Ақылына көркі сай. 2019 жылдан бері Петропавлда "Гауһар патшайымы" байқауы дәстүрлі түрде өтіп келеді. Жоба осы жолы да ерекше форматта ұйымдастырылды. Байқаудан бір ай бұрын күнделікті түрлі шеберлік сағаттары, тренингтер өтіп, қатысушылар психолог мамандармен кездесті. Байқау ережесіне сай арулар сахнада шығармашылық, интеллектуалдық қабілеттерін көрсетіп, этно-стильді киім мен сәнді көйлек үлгісін таныстырды.
ВАЛЕРИЯ ДУСКЕН, ЖОБА ДИРЕКТОРЫ:
- Байқау 4 кезеңнен тұрады. Бірінші кезең “Таныстыру” деп аталады. Кейін арулар жұртшылыққа өз өнерлерін паш етеді. Соңында сән үлгісін көрсетеді. Бұл байқауға әрқайсысы бір ай көлемінде дайындалды.
Сұлу да сымбатты, білімді де өнерлі аруды анықтайтын байқауға 3 жас санатында 25 адам қатысты. Олардың алғашқысы 14 пен 22 жас аралығын қамтыса, кейінгісі 23 бен 33 жастағылар және соңғы санат – 34 мен 40 жас аралығындағылар. Бұл жолы олар 3 номинация бойынша бақ сынамақшы.
Арулардың ішінде ерекше қазақи стильде көзге түскен - Бейнегүл Валеева. Ол 34-40 жас аралығындағылар арасында бақ сынады. Осындай сұлулық байқауына алғаш рет қатысып отыр. Дегенмен, сахнада өзін сенімді ұстады.
БЕЙНЕГҮЛ ВАЛЕЕВА ,ЖОБАҒА ҚАТЫСУШЫ:
- Мен «Бриллиантовая королева» конкурсына 1 рет қатысып отырмын. 3-і категорияда. Өте қуаныштымын. Конкурстын ұйымдастырушыларына үлкен алғысымды айтқым келеді. жалпы өте керемет деңгейде өтіп жатыр. Түрлі мастер-класстар өтті. Әрне қобылжып тұрмын. 1 образым қазақтың нәзік ару қызын көрсетсем, 2 этно показда мен қазақтың батыр, батыл қайсаар кызын көрсете білдім деп ойлаймын.
Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасының шешімімен бірінші орынды кіші санатта Ксения Череда, екінші санатта Сабина Оспанова, ал үшінші санатта Ботагөз Саду иеленді. Ал негізгі бас жүлде дауыс беру арқылы анықталды. "Гаухар патшайымы" Бибігүл Оразбаева атанды. Оған теңізге демалуға жолдама табыс етілді.