Облыста адамның иммунтапшылық вирусы инфекциясын жұқтыратындар саны азаймай отыр. Биыл жыл басынан бері өңірде 100-ден астам адам қауіпті дертті жұқтырған. Бұл туралы Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасында өткен семинарда айтылды.
Жыл сайын 1 желтоқсан бүкіл әлемде ЖИТС-ке қарсы күрес күні атап өтіледі. Осыған орай қалалық жастар ресурстық және ЖИТС орталығының бірлесе ұйымдастыруымен семинар өтті.
ДИНА БАЙМАҚЫШЕВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ПСИХОЛОГЫ:
- Бүгінгі жиынға профилактикамен айналысатын ұйымдардың өкілдері келіп отыр. Барлығымыз бірлесіп жастардың, келешек ұрпақтың денсаулығының амандығын ойлауымыз керек. Сондай-ақ. іс-шарада есірткі және интернет алаяқтық қылмысымен күрес туралы да пайдалы кеңестер айтылады.
Өңірде адамның иммунтапшылық вирусы инфекциясы екі түрде таралады. Оның 30%-ы иньекциялық психоактивты заттарды қолдану арқылы болса, 70%-ы жыныстық жолмен беріледі.
ҚАРЛЫҒАШ АҚЫНОВА, ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың бөлім меңгерушісі:
- Жылдағыдай ВИЧ инфекциясының мәселесіне адамдардың назарын аудару, оларға инфекция жұқатырған жандардың құқығын қорғау жайында тағы еске салу және басқа адамдарды алдын алу шараларымен құлағдар ету.
Өңірімізде соңғы 3 жылда инфекцияның анадан балаға берілу жағдайы тіркелмеген екен.