Солтүстікқазақстандықтар облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовпен жеке қабылдауда өзекті мәселелерін көтерді. Олар әртүрлі салаларды қамтыды: әлеуметтік нысандарды салу, жалақы төлеу, егістік үшін жер беру және басқалар. Тілші толықтырсын.
Ауылшаруашылық жерлерін, бюджеттік қаражаттарды тиімсіз пайдалану және әлеуметтік нысандарды сапасыз салу мәселелері алғашқы кезекте көтерілді. Николай Кинцель «Салахадин» серіктестігінен қатысушылардың заңсыз шығарылғанын мәлімдеді. Пайшылардың бір бөлігі жиналыс хаттамасын заңсыз деп тану үшін сотқа жүгінген, бірақ оларға бұл талап бойынша бас тартылған. Тұрғынның айтуынша, ол бірнеше жыл бойы еңбекақы алмаған және 2004 жылы жұмыстан шығарылған, бірақ бұл туралы ол мүлде білмегенін айтты.
– Мен гараж меңгерушісі болып жұмыс істедім, Амоев маған 25 мың теңге айлық уәде еткен. Бірақ биыл көктемде менің айлығым 25 мың емес, 15 мың теңге болғанын білдім. 2008 жылы ай сайын менің зейнетақы шотыма 1 мың теңгеге түссе, бір айда бар жоғы 350 теңгеге толыққан. 1998 жылы бір тиын да түспеген.
Еңбек инспекциясы басқармасы тексеру жүргізді. Еңбек шартының жасалмауы бойынша кәсіпкер жауапкершілікке тартылды, ал жалақы мәселесі күрделірек. Серіктестік өкілдерінің айтуынша, құжаттар өрт кезінде жанып кеткен.
ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
- Тек жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша сотқа жүгіну. Дұрыс қой?Басқа ешкім де ештеңе істемейді. Жерді алу, басқа да мемлекеттік органдардың әрекеттеріне байланысты мәселелер бойынша біз бұл жұмысты жүргізетін боламыз. Еңбек инспекциясы басқармасы мен ауыл шаруашылығы басқармасына тапсырма беремін, егер сіздердің заңгерлеріңіз өтініш білдірсе, олар кеңес береді.
Облыс әкіміне көмек сұрап Жабай Ибраев те жүгінді. Ер адам мал шаруашылығымен айналысады, бірақ егістік жері жетіспейді. Бос жер учаскесі бар, алайды оны конкурстық жолмен алу мүмкін болмаған. Екі жылдан бері егін егілмей, арамшөп басып кеткен.
– Шөп жетіспейді, тіпті сабан да жоқ. 100 жылқым, шамамен 300 бас қой болған. Биыл мен оларды қысқартуға мәжбүр болдым, жылқы санын 50%-ға азайттым, 60 басын қалдырдым. Қойлардың 90 басын қалдырдым.
Архангелька ауылдық округінде жайылымдық жерлер жетіспейді, бұл учаскеге басқа шаруашылықтар да иелік етуге талаптанып отыр. Қызылжар ауданының әкімі жерді жалпы пайдаланатын жайылымдық жер ретінде қолдануды жоспарлап отырғанын айтты. Ғауез Торсанұлы бұл мәселені шешуді тапсырды. Бұл күні баарлығы алты адам әкімге қабылдауға келді. Кездесуде көтерілген барлық мәселе бақылауға алынды.