Аққайың ауданындағы Дайындық ауылының тұрғындары екі жыл бұрын арақ-шараптан толығымен бас тартқан. Содан бері мұнда бірде-бір қылмыс - ұрлық, отбасылық жанжалдар тіркелмеген. ПД баспасөз қызметінің бейнематериалына назар аударайық.
Зарина Аюпова - Дайындық ауылының тұрғыны:
- Мен осы ауылда 5 жылдан бері тұрамын. Бұл ауылда арақ мүлдем ішпейді, барлығы жұмыс істейді, дүкенде алкоголь сатпайды, барлығы өз ісімен айналысады. Біздің ауыл тыныш, ұрлық қарлық, жанжалдар болмайды.
Жұмыс орындары негізінен жергілікті «Дайындық» Жауапкершілігі Шектеулі серіктестігінде құрылып, кәсіпорынның қолдауымен әлеуметтік нысандар ашылған. Шаруашылық басшысы Біржан Шаймерденов елді мекеннің спирттен бас тартуына бастамашы болған екен.
Біржан Шаймерденов - «Дайындық» ЖШС директоры:
- Қазір бізде 120 шақты адам жұмыс істеп жатыр. 80-нен астам үй бар. 315 адам тұрады ауылымызда. Сондықтан ауылымыз өсіп келеді жылдан жылға мектепте де 70 астам бала оқып келе жатыр. Садикта 20 шақты бала бар. Бізде 120 адам жұмыс істейді әліде жұмыс орындары салынып жатыр ғой ертен оларда ашылады.
Дайындық ауылы кіретін Ленин ауылдық округіне ішкі істер органдарында он жылдан астам тәжірибесі бар учаскелік полиция инспекторы Әди Мұқжанов қызмет көрсетеді.
Алмат Ғалиев - Аққайың ауданы полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы:
- Бұл ауылда арақ сатылмайды. Ауыр қылмыстар жасалмаған. Мұнда учаскелік полиция инспекторы Әди Мұқжанов деген қызметкеріміз жұмыс істейді. Біздің ең үздік ауылы. Профилактикалық жұмыс мұнда тек интеренет алаяқтық бойынша жүргізіледі. Ауыр қылмыстар, әкімшілік құқық бұзушылықтары саласынан мұнда ештеңе тіркелген емес.
Дайындық ауылының қазіргі жағдайы алкогольден бас тартудың криминогендік жағдайға тікелей әсер етудің нақты үлгісі және ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында айтылған «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыруға ықпал ететінін айқын көрсетеді.