Биыл тұрғындардан облыстық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне 200-ден астам шағым келіп түскен. Өтініштердің басым бөлігі тұрмыстық техникаға, өнімдерге сондай-ақ, қызмет көрсету саласына қатысты.
Құқықбұзушылыққа қатысты статистика биыл өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда артқан. Зерттеу қорытындысы бойынша, өнімдердің 69 пайызы арнайы талаптарға сай келмейді. Және көпшілігі мемлекеттік тілде таңбалаған.
НАДЕЖДА ДУБОВАЯ, ОБЛЫСТЫҚ ТҰТЫНУШЫЛАР МЕН КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
- Соңғы уақытта азаматтардан шағымдар өте көп түсіп жатыр. Бұрын біз тұтыгушылардың құқығын әрдайым қорғайтынбыз. Соның арқасында міндетті түрде нәтиже болатын.Қазіргі таңда кәсіпкерлер өздерінің істеріне жауапкершілікпен қарамайды және өнімдерінің сапасына жауап бергісі келмейді.
Надежда Владимировна 30 жылдан астам уақыт бойы сатып алушылардың құқығын қорғап келеді. Оның сөзінше, заңбұзушылықтар жартылай фабрикаттарда жиі анықталады. Бұған басты себеп – көптеген кәсіпорындарда жұмыс күшінің жетіспеушілігі.
НАДЕЖДА ДУБОВАЯ, ОБЛЫСТЫҚ ТҰТЫНУШЫЛАР МЕН КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
- Біз жартылай фабрикат өнімдерінің қалай дайындалатынын барлығымыз білеміз. Яғни, олардың қатарына тұшпара манты секілді тамақтар жатады. Оны жасайтын адамдардың көпшілігінде арнайы білім жоқ. Бұрын кәсіпорындарда тағамдарды тек технологтар дайындайтын еді. Қазір ондай емес. Сол себепті, де стандарттар жиі бұзылып жатыр. Тексерістер де тыңғылықты жүргізілмейді.
Надежда Дубоваяның айтуынша, тұтынушылардың құқығын қорғау жылдан жылға қиындаған.