М. Жұмабаев ауданының әкімі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер мен ауданның даму нәтижелері туралы есеп берді. 10 айдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 64,1 млрд теңгені құрады.
Ауданда биыл 434,5 мың гектар жерге егін егілді, оның ішінде 333,9 мың гектарға дәнді дақыл отырғызылды, алынған жалпы өнім көлемі 702,5 мың тонна. Сонымен қатар, жаңа сүт-тауар фермаларының құрылуы есебінен мал санының өскені байқалады. Бүгінгі таңда аудан аумағында 5 ірі сүт тауарлы фермасы жұмыс істеп тұр. Биыл ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және құрылыс салаларында 665 жаңа жұмыс орны ашылды. Ал жолдарды жөндеу мәселесіне келетін болсақ, жобаларды сәтті жүзеге асыру үшін сағатына 100 тонна асфальт шығаратын асфальтобетон зауытын салу мәселесі тұр. Ауданның елді мекендерін абаттандыру шараларына бюджет қаражаты мен демеушілік қаражаттар есебінен 500 миллион теңгеден астам қаржы бағытталды.
РАХАТ СМАҒҰЛОВ, М.ЖҰМАБАЕВ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:
- Қазіргі өнімді сақтау үшін аудан аумағында қуаты 326,1 мың тонна болатын 4 элеватор және сақтау сыйымдылығы 211 мың тонна болатын қоймалар жұмыс істейді. Мұндай шаруашылықтар бойынша бюджеттің кірісі 20 есе артуы керек. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 1 189. Ауданда шағын бизнес кәсіпорындары өсімінің оң динамикасы байқалады. Биыл аудандық және ауылішілік жолдардың 45 км 2,7 миллиард теңгеге жөнделді. Нәтижесінде 15 ауылдың жолы жақсарды. Бұл ауылдарда 6 мыңнан астам адам тұрады.