Александр Винокуров спорт сарайында Құлагер жастар командасы Павлодардың «Мұнайшы» командасымен кездесті. Айдын иелері ойын тізгінін толығымен өз қолдарына алып, 6:0 есебімен айқын жеңіске жетті.

Бұл кездесуде Құлагер өз шеберлігін толық көрсетті. Команда ойын басынан-ақ шабуылға ден қойып, қарсыласына қысым жасай білді. Ойынның 3-минутында Құлагер алғашқы шайбаны соғып, есепті ашты. Қарсылас қақпасына жасалған шабуылдар дәлдігімен ерекшеленіп, ойыншылардың бірлескен әрекеттері әр шабуылды нәтижелі аяқтауға мүмкіндік берді. Ойынның үздік ойыншысы Александр Шипулин болды. Оның қоржынында екі гол мен үш нәтижелі пас бар. Қарсылас команда бірнеше қауіпті шабуыл жасағанымен, нәтиже шығара алмады. Матчтың қорытындысы – 6:0. Бұл жеңіс Құлагердің турнирлік кестедегі орнын нығайтып, алдағы ойындарға деген сенімін арттырды. Келесі ойын 23 қараша, сенбі күні өтеді. Қарсылас – "Мунайшы". Айта кетейік, Құлагер 26 ойын өткізіп, оның 16-сында жеңіске жетті.