Петропавлдағы балаларға арналған "Дара" білім беру орталығы жаңа ғимаратқа көшті. Бұл "Даму" Қорының қолдауымен мүмкін болып отыр. Енді орталық 200-дей баланы қабылдауға қауқарлы. Ашылу салтанатында біздің түсірілім тобы болды.

Білім беру орталығына әсіресе мектепке дейінгі жастағы балалардың, бастауыш сынып оқушылары ата-аналарының сұранысы жоғары. Жаңа ғимарат 200-ге дейін баланы қабылдай алады. Бір жастан 3 жасқа дейінгі балаларға арналған сабақтар, сонымен қатар мектепке дайындық және бастауыш сынып оқушыларына арналған топтар бар.

Гүлайым Жұмағұлова орталық директоры:

- Біз "Даму" қорынан халық банкі арқылы несие алдық. Нәтижесінде орталық кеңейіп жатыр. Бізде барлығы сапа стандарттары бойынша жасалған, сертификаттар бар.

Орталықта логопед жұмыс істейді, балалар шет тілдерін теңгере алады. Жаңа бағыт – Монтессори әдістемесі бойыншабүлдіршіндерді ерте дамыту қарастырылған.

Диана КОШКЕНОВА Петропавл тұрғыны:

- Менің қызым мектептен кейін осында келіп, үй тапсырмасын орындайды. Ол 6 жаста. Биыл бірінші сыныпқа барды. 3 сағат оқиды, бұл мектеп бағдарламасын жақсы меңгеруге көмектеседі.

Балаларға 7 педагог сабақ береді, олар Астана, Мәскеу, Санкт-Петербург қалаларында білімдерін жетілдіріп келді.