Сондай-ақ қоғамдық даму және ақпарат орталығының мамандары да рейдке шықты. Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін олар Пестрое көлінің маңында кездескен адамдарға мұздағы қауіпсіздік ережелері жазылған парақтарды таратты.

Қар жауып, қыс келгенімен, су айдындарындағы мұз әзірге жұқа. Өзен-көлдің бетіне шыққан адамның мұз құрсауында қалу қаупі жоғары. Оқыс оқиғаның алдын алу үшін мұндай акциялардың маңызы зор.

БАҚЫТ БАЙБОСЫНОВА, ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ АҚПАРАТ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ:

- Ережелер әртүрлі. Мысалы, коньки теберде мұздың қалыңдығын қарау керек. Аяқпен теуіп тексеріп алған жөн. Коньки тебетін арнайы жерлер бар. Кейбір балалар оны білмеуі мүмкін. Біз соның барлығын түсіндіреміз.

Дәурен Жәкенов аптасына бірнеше рет мұзды суға шомылуды әдетке айналдырған. Тән саулығын ойлаған азамат сақтық шараларын да жақсы біледі. .

ДӘУРЕН ЖӘКЕНОВ, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ:

- 3 жылдан бері ауырмаймын. Пандемия КЕЗІНДЕ ауырғаннан кейін осылай шомылуды әдетке айналдырдым. Қауіпсіздік ережелерін жақсы білемін. Арнайы мамандар келіп үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қадағалайды.

Іс-шара барысында қауіпсіздік ережелерімен әсіресе жасөспірімдер мен балықшыларды құлағдар етілді. Жалпы, науқан аясында 1 айдың ішінде 200-ге жуық іс-шара ұйымдастырылған екен.