Петропавлда 11-12 жастағы балалар арасында үстел теннисінен облыстық чемпионат басталды. Жарыс жақында ғана ашылған үстел теннисі орталығында өтіп жатыр. Үздіктер 50 спортшының арасынан анықталады. Тартысты дода туралы тілшіміз баяндасын.

Петропавлдағы жаңадан ашылған үстел теннисі орталығы жас спортшыларды жинады. Облыстық чемпионатқа Қызылжар, Ғабит Мүсірепов аудандарынан және қалалық мектептерден 50- ге тарта бала келіп, бақ сынап жатыр.

АНАСТАСИЯ КОНЮШКО ЖАРЫСТЫҢ БАС ТӨРЕШІСІ:

- Присутствует у нас (ПЕРЕВОД) Бүгінгі жарысқа 25 қыз, 25 ұл қатысып жатыр. Мұндағы балалардың бәрі тәжірибелі. 5 жылдан артық үстел теннисін ойнап келе жатқан жеткіншектер бар. Олардың бәріне сәттілік тілейміз.

Өңірде үстел теннисі спорты дамып келеді. Оған бүгінгі облыстық чемпионат дәлел. Балалар жақсы ойын өрнегін көрсетіп жатыр.

ӘМИНА КЕҢБЕЙІЛОВА, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ:

- Мен 4 жыл тенниспен айналысамын. Маған 10 жас. Мен 4-ші сыныпта оқимын. Маған теннис ойыны ұнайды өйткені ол барлық адамның мүшелері үшін пайдалы. Бүгінгі жарысқа дайындық өте тамаша болды. 

ДАРИЯ НҰРЛАНОВА, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ:

- Маған теннис өте қатты ұнайды. Мен осы залға келіп ойнаймын. Біз үш сағат ойнаймыз. 00/42

Жарыс 3 күнге созылады. Бірінші күні командалық жарыс өтсе, екінші күні жеке ойын, үшінші күні ойыншылар жұптық жарыста бақ сынайды.