Көлікті мас күйде басқару - жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу болып есептеледі. Полицияның профилактикалық жұмысы туралы облыстық полиция ведомствосы баспасөз қызметінің материалында.
Тәжірибе көрсеткендей, адамдардың көпшілігі демалыс күндері спирттік ішімдік ішіп, кешке жақын немесе түн ортасында көлік тізгініне отыруды әдетке айналдырҒАН. Дәл осы уақытта полицейлер де жол-көлік оқиғаларының алдын алу жұмыстарын күшейтеді.
Өткен демалыс күндері Петропавлда және облыс аудандарында 10 мас жүргізуші анықталды. Олардың барлығы әкімшілік қамаққа алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылуы мүмкін. Жүргізуші медициналық куәландырудан бас тартқан жағдайда 15 тәулікке қамаққа алынып, ұзағырақ мерзім – 8 жылға жүргізуші куәлігінен айырылады.
Аягөз Есмағамбетова, СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының инспекторы:
- Рейдтік іс-шаралар барысында 15-17 қараша аралығында облыс аумағында 597 ЖҚЕ бұзушылық анықталды, оның ішінде 10 мас жүргізуші және 8 жүргізуші басқару құқығынан айырылған. 10 айда мас жүргізушілердің кінәсінен 18 жол-көлік оқиғасы орын алып, онда 1 адам қаза тауып, 24 адам жарақат алды. Мас күйінде басқару ЖҚЕ өрескел бұзу болып табылады, мұндай фактілерді жою бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі.
Жол қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзудың алдын алу облыстық полиция басшылығының бақылауында.