Жамбыл ауданында соңғы 10 айдың ішінде 55 млрд 353 млн теңгЕНІҢ ауыл шаруашылығы өнімі өндірілген. Жалпы, ауданда барлығы 250-ге жуық ауыл шаруашылығы кәсіпорны бар. Оларда тұрғындардың 45 пайыздан астамы жұмыс істейді. Биыл өнеркәсіп өнімінің көлемі – 1,7 млрд теңгені құраған. Айта кетейік, келер жылы ауданда «СПК СУАТКӨЛ АГРО» атты мың тоннаға шақталған көкеніс сақтау қоймасы салынбақ. Сондай-ақ, «Екпін 2002» ЖШС қой фермасын 10 мың басқа дейін көбейтуді жоспарлап отыр.
Ауданда сумен қамту мәселесін шешу жақсы жолға қойылған. Биыл құбырларды жаңартуға 112 миллион теңгеден астам қаражат бөлінді. Бүгінде барлығы 42 елді-мекен сумен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, 5800 гектар жер мемлекеттік меншікке қайтарылды. Бұл жоспарланған аумақтың– 83 пайыздан астамы. Сондай-ақ ауданға биыл 33 отбасы, яғни 125 адам қоныс аударған.
АЗАМАТ БЕКТАСОВ, ЖАМБЫЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:
- Аудан орталығында ауылдың орталық бөлігін абаттандыру жобасы жүзеге асырылуда. Жоба екі жылдық жалпы құны 274 млн.385 мың теңге. Ағымдағы жылы төсеніш төсеу, жүгіру жолын орнату бойынша жұмыстар жүргізілді, 2025 жылы қалған сомаға шағын сәулет нысандары мен шамдарды орнату жоспарланған. Келесі жылы ауданның елді мекендерінде 6 балалар ойын алаңын орнату және Пресновка ауылында, Питное көлінің жағасындағы жағажай аймағын абаттандыру жоспарланған.