Астанада өткен ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірінші форумына өңірлерден агрохолдингтердің өкілдері, фермерлер, шаруа қожалықтары басшылары, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің өкілдері мен инвесторлар қатысты. Солтүстік Қазақстан облысынан делегация құрамында болғандардың бірі «Гончаровка» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Науан Дәуренбеков.

Кәсіпорын майлы және дәнді дақылдарды өсірумен, жылқы шаруашылығымен айналысады. 100 миллион теңгенің тыңайтқышын алқаптарында қолданудың арқасында биыл жақсы өнім алған.

НАУАН ДӘУРЕНБЕКОВ, «ГОНЧАРОВКА» ЖШС ДИРЕКТОРЫ, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫ:

– Біздің шаруашылықта биылғы жылы астық бойынша 40 ц/га, майлы дақылдар бойынша 25 ц/га жуық өнім алынды .Президент азық-түлік корпорациясы қосымша астық көлемін сатып алатынын айтты. Сондай-ақ «Өңірлер – қуатты ел» қағидасы бойынша жұмыс істеу керектігін де атап өтті. Биылғы егініміз жақсы, тіпті оны қояр жеріміз жоқ