Облыс спортшысы Камила Сексембай Түркияда асық атудан өткен әлем кубогының жеңімпазы атанды. Біздің жерлесіміз жеке және командалық есепте ең жоғары нәтижеге қол жеткізді. Теміржол вокзалының перронында жеңімпазды жақындары мен түсірілім тобы қарсы алды.

Жарыс Түркияның Анкара қаласында өтті. Оған 10 елден 60-қа жуық спортшы қатысты. Әлем кубогына Қазақстаннан алты спортшы қатысып, еліміздің намысын қорғады.

КАМИЛА СЕКСЕМБАЙ – АСЫҚ АТУДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ:

- Жарыс бізде бес асқы спорт тиүрінен болды, бұл ұлттық спорт Түркия елінде өтті. Көптеген елдер қатысты. Оның ішіенде Түркия, Франция, Испания, Қырғыстан елдері болды. Жарыс өте жақсы деңгейде өтті.

Қатысқан 6 спортшының 5-еуі алтын, 1-еуі күміс иеленді. Алтыннан алқа таққандардың бірі Камила Сексенбай. Ол - ұлттық құраманың мүшесі, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы.

АҒЖАН СҰРАҒАНОВ, ЖАТТЫҚТЫРУШЫ:

- Бұл ұлттық спорт — асық ойнаумен Камила Сексембай 2016 жылдан бастап айналысып келеді. Содан бері 8 жыл бойы жаттығып келеді. Оған дейін облыстық және республикалық деңгейлерде топ бастап, ойыншыларды артқа қалдырып, барлығын жеңіп, ұлттық құрама командасына іріктеліп өтті. Негізі айта кетсек, біздің облысымыздың қыздары бес асық спортына өте шапшаң келеді. Үйренуге деген талпыныстары мол, ойындарды тез меңгеріп, шеберлікпен орындап шығуға қабілетті.

Камила Сексембай алдағы уақытта Азия біріншілігіне де қатысуды жоспарлап отыр.