Петропавлдық қос би ұжымы Астанада өткен "Dance heroes" атты халықаралық хореографиялық байқауда жеңімпаз атанды. Олар - "Экспромт" театры мен "Энерджи" ансамблі. Жергілікті өнерпаздарды теміржол вокзалында жақындары мен әріптестері күтіп алды. Би ұжымдары елордадан 6 бірдей бас жүлдемен оралды. Өнерпаздар сайысқа жарты жыл бойы дайындалған.
ВИКТОРИЯ НОВИЦКАЯ, «Экспромт» халық би театрының хореграфы:
- Бәсекелестік жоғары деңгейде болды. Жылда түрлі байқауларда топ жарып жүрген би ұжымдарының арасынан суырылып алға шығу - үлкен жеңіс. Шығармашылық нөмірлеріміз жергілікті көрерменге жақсы таныс. Қалалық мәдениет үйінде талай өнер көрсеттік. Театрымызға 200-ден астам ұл-қыз мүшелік етеді. Алдағы уақытта да шетелдерге шығып, халықаралық байқауларда ел намысын абыроймен қорғағымыз келеді.