Өңір жетекшісі Ғауез Нұрмұхамбетов республикалық маңызы бар «Янгуразовтың үйі» тарихи-мәдени ғимаратында болып, қалпына келтіру жұмыстарын көрді.
«Республикалық маңызы бар «Янгуразовтың үйі» тарихи-мәдени ғимаратында болып, қалпына келтіру жұмыстарын тексердім. Басты міндет - ескерткіштің тарихи келбетін сақтау.
Жұмыстың әрбір кезеңінде зерттеулер мен мұрағаттық құжаттарға негізделген сәулеттік ерекшеліктер ескерілді. Бұл нысанның бастапқы келбетін барынша дәлдікпен қайта жасауға мүмкіндік береді. Қасбеттің түпнұсқа жазулары мен түстері бұрынғы қалпында сақталған.
Қайта жаңғыртудан кейін көне ғимарат мәдени орталыққа айналады. Янгуразовтың үйі екінші өмірге ие болады, ал тұрғындар мен туристер оның сұлулығы мен өткен күннің белгісін тамашалай алады»,-деп жазды облыс әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында.