Петропавл Жастар ресурстық орталығының мамандары есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының өкілдерімен бірлескен іс-шара өткізді. Олар қала көшелерінде және сауда үйлерінде брошюралар таратып, есірткіден бас тартудың маңыздылығын түсіндірді.
Акцияның мақсаты — есірткі және психотропты заттардың заңсыз айналымына қарсы күресу, сондай-ақ жастар арасында наркоманияның таралуына жол бермеу. Жыл басынан бері өңірде есірткі қылмысын 200-ден астам дерегі анықталып, 700 келіден астам түрлі есірткі заты тәркіленген. Таратылған брошюраларда есірткі айналымы үшін жауапкершілік және тыйым салынған заттардың ағзаға зиянды әсері туралы ақпарат берілді.
ДАМИР АБДИН, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:
– Біз мұндай іс-шараларды тұрақты түрде, әр апта сайын өткіземіз. Бүгін қаланың орталық көшелері мен сауда үйлерін араладық. Сондай-ақ, мекемелерді де аралап, қызметкерлермен түсіндіру жұмыстарын жүргізетін боламыз.