Облыс құтқарушылары балықшылармен кездесіп, әзірге өзен – көлдердің бетіне шығу қауіпті екенін ескертіп жатыр. Себебі, мұз әлі дұрыс қатпаған.

Өкінішке орай, жыл сайын облыстағы су айдындарында адам өлімі тіркеледі. Бұған қауіпсіздік ережелерін дұрыс сақтамау себеп. Қайғылы жағдайдың алдын алу мақсатында құтқарушылар тұрғындарды мас күйде балық аулауға бармауға, әрдайым жылы киініп және құтқару кеудешесін ұмытпауды ескертеді. Сондай-ақ, қармен жабылған мұздың бетімен жүрмеген абзал. Себебі, ондай жерлерде мұз әлдеқайда баяу қатады дейді мамандар.

ӘЛІБЕК БОРАМБАЕВ, СҚО ТЖД АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БӨЛІМІНІҢ АҒА ОФИЦЕРІ:

- Су айдындарындағы қауіпсіздік ережесін бұзған адамдарға 7 АЕК мөлшерінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Бұл шашамен 26 мың теңге. Жалпы, жыл басынан бері 33 адамға айыппұл салынды.