Қарашаның 18-і облыс аумағында «Мал ұрысы» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы басталды. Полицейлер ветеринарлық қызметтермен бірлесіп рейдтер өткізіп, көлік пен базарларды тексеріп жатыр. Тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары да белсенді жүргізілу үстінде.

Тәртіп сақшылары халыққа жеке аулаларды нығайту қажеттігін және мал жаю ережелерін сақтаудың маңыздылығын еске салды. Полицияның мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп жүргізген профилактикасы мен іс-әрекетінің арқасында соңғы 10 айда мал ұрлығы саны азайды. Мал ұрлығына қарсы тұру - кешенді тәсілді қажет ететін міндет. Қылмыстың осы түрін ашу және жолын кесу, соның ішінде етті сату ережелерінің сақталуын бақылау бойынша жұмыстар күшейтілді. Ветеринарлардың қатысуымен базарларға рейдтер жүргізіледі, мал және ет өнімдерін тасымалдайтын автомобильдер тексеріледі. Өңірде биылғы 10 ай ішінде мал ұрлығының 5 фактісі тіркелді. Бұл былтырғыдан шамамен үш есе аз. «Мал ұрысы» жедел алдын алу іс-шарасы қарашаның 20-ы аяқталады.

Мейрам Асылхан — СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілі (Іс-шараға криминалдық полиция қызметкерлері, учаскелік полиция инспекторлары, патрульдік полиция, сондай-ақ аумақтық ауыл шаруашылығы басқармаларының мамандары қатысуда. Ет өнімдерін сату орындары бойынша кенеттен рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.