Астанада ӨТКЕН АЛҒАШҚЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ФОРУМЫНА 2000-ға жуық агроөнеркәсіп кешенінің қызметкерлері қатысты. Ауқымды жиынға Солтүстік Қазақстаннан ДА КӘСІПКЕРЛЕР БАРДЫ, СОЛАРДЫҢ БІРІ - «Алекри фирма» ЖШС басшысы Александр Прядко.
Құс фабрикасының құрылғанына 30 жылдан астам уақыт болған. Ол жұмыртқа өндіретін аймақтағы ірі кәсіпорындардың бірі. Сондай-ақ өңірді тауық етімен қамтамасыз етеді. Александр Прядконың айтуынша, еліміздің Президенті агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін 10 негізгі бағытты айқындап, Үкіметке агроөнеркәсіпті қаржыландыруды қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берді. Мемлекеттік қолдау ауыл шаруашылық қызметкерлеріне өз жұмысын жоспарлауға және оны кеңейтуге мүмкіндік береді.
АЛЕКСАНДР ПРЯДКО, «АЛЕКРИ ФИРМА» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:
— Бұл Президенттің басшылығымен өткен маңызды әрі қажетті өндірістік кеңес болды. Бұл тек ауыл шаруашылығы саласы үшін ғана емес, бүкіл ел экономикасы үшін пайдалы. Президент өз сөзінде қысқаша әрі нақты елдің жетістіктерін, кемшіліктерін және болашаққа арналған жоспарларын атап өтті.