Облыстық филармонияда "Ән қанатында" атты музыкалық кеш өтті. Камералық хор тыңдармандарына әлемдік классика шедеврлері мен заманауи композициялар біріктірілген жаңа концерттік бағдарламасын ұсынды.

Өнерсүйер қауым үшін бұл кеш ерекше өтті. Облыстық филармонияның камералық хоры бұл жолы да өз өнерімен қалың қауымды баурап алғаны сөзсіз. Зал лық толы болды.

ҒАЛИЯ МҰХАМЕДЖАНОВА, КАМЕРАЛЫҚ ХОРДЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ:

- Бүгінгі концертте хордың орындауындағы әндер шырқалды. Біздің бағдарламада 20-дан астам нөмір бар. Тек қана хор мен солистке арналған шығармалар орындалады.

Әртістердің орындауында қазақ, орыс, латыш, ағылшын тілдерінде ән шырқалды. Көркемдік жетекшінің айтуынша, әр композиция терең мағынаға толы.

ЕКАТЕРИНА БАРАБАНЩИКОВА, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ:

- Маған осындай музыканың түрі ұнайды, бар жан -тәніңмен демаласың. Оқу оқып жүргенімде мәдени жерлерге жиі баратынмын. Қазір жұмыс істеген соң, баратын уақыт тапшы. Осындай демалысты жақсы көремін.

Камералық хордың концерті тыңдармандардың қошеметімен аяқталды.