Петропавлда жастар мен жасөспірімдер арасында акробатикадан республика кубогы өтіп жатыр. Тартысты бәсекеге қатысуға Павлодар, Қарағанды, Алматы мен Орал қалаларының спортшылары да келген. Жалпы саны 170 қатысушының басын біріктірген жиын ертең мәресіне жетеді.
Бүгін республикалық сайыстың екінші күні. Акробатикалық композияциясының техникасы мен әртістік қабілеттері сыналатын додада спортшылар шеберліктерін көрсететін болады.
АНДРЕЙ ЯМПОЛЬСКИЙ, СПОРТТЫҚ АКРОБАТИКА БОЙЫНША БЖСМ АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:
- Бүгінгі сайысқа 5 өңірдің спортшылары қатысып жатыр. Қаражаттың аздығынан тағы 5 қаланың қатысушылары келе алмады. Негізі, жарыс 4 жас санаты бойынша өтіп жатыр. Олар спорттық акробатиканың 5 санаты бойынша өнер көрсетеді. Яғни, 3 рет жұп болып және 2 рет топ ретінде ортаға шығады.
Мұнда алғаш рет өнер көрстетіп жатқан да және әлемдік сайыстарға қатысып жүрген спортшылар да жиылған. Тәжірибелі акробатшылардың бірі - алматылық Дарья Метлюшкина. Ол 7 жылдан бері акробатикамен айналысады.
ДАРЬЯ МЕТЛЮШКИНА, ТУРНИРГЕ ҚАТЫСУШЫ:
- Мен Камила есімді қызбен жұп болып өнер көрсетемін. Менің жасым 14-те болса, ол 9-да. Оның да акроботикамен айналысып жүргінені біраз болды. Бүгін біз 2-ші рет билейміз. Өте жеңіл би. Ойдағыдай алып шығамыз деген үміттемін.
Қарсыластарынан басым түсіп, шеберліктерін көрсете білген спортшыларға марапаттар бар.