Өткен демалыс күндері Петропавлда «Алатау серілері» тобының концерті өтті. Әншілердің өнерін тамашалауға келген көрерменнің қарасы қалың болды. Серілер концерттің шымылдығын «Молдабай» әнімен ашты.

Рухты әндерімен талайдың бойын шымырлатқан «Алатау серілерін» көпшілік сүйсіне тыңдайды. Шығармашылық ұжым 2018 жылы құрылып, қазақ музыкасына жаңа серпін әкелді. Жігіттер тобы қазақтың халық әндерін жаңғыртып, өзгеше стильде шырқаумен ерекшеленіп жүр. Петропавлға топ мүшелері көші-қонмен айналысатын «Тәуекел» қоғамдық бірлестігінің шақыртуымен келген.

ЖАСҰЛАН ҚАЗАҚИЯ, «АЛАТАУ СЕРІЛЕРІ» ТОБЫНЫҢ ӘНШІСІ:

- Осы Қызылжарға келіп отырғанымызға өте қуаныштымыз. Өйткені, концертпен ат басын бұрып отырғанымыз алғаш рет. +скл+ 01:15-01:22 Тәуекел деген сөзді байрақ етіп, көші-қон үлкен бір ұйым осы солтүстікті қазақыландыру мақсатында +скл+ 01:28 елдің рухына тамшыдай болсын үлес қосайық деп келіп отырған жайымыз бар.

«Тәуекел» қоғамдық бірлестігінің же¬текшісі Бурахан Дахановтың сөзінше, теріскей көшіне серпін беретін бірден-бір тетік көші-қон мәселесі.

БУРАХАН ДАХАНОВ, «ТӘУЕКЕЛ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Біз осыдан 2 жыл бұрын құрылғанбыз. Біздің мақсатымыз осы солтүстікке көшіп келген өңтүстіктен немесе шетелден келген қандастарға арқа сүйейтін қабырға болу. +скл+ 01:20-01:37 Жалпы солтүстікке мұғалімдерді көшіру арқылы біз осы жақтиың білім саласына үлесімізді қосудамыз. Дәрігерлерді көшіру арқылы денсаулық саласына, кішігірім кәсіпкерлерді көшіру арқылы, экономикаға. Қысқасы айтқанда солтүстікке көш мәселесі көптеген түйткілдерді шешеді.

Кеш барысында «Алатау серілері» басқа да халық, заманауи әндерді шырқап, халықтың ілтипатына бөленді.