ҚР Ұлттық Ұланы академиясының жаңа казармасы Петропавлда пайдалануға берілді. Ғимараттың ашылуына облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, Ішкі істер министрінің орынбасары — Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Аңсаған Балтабеков және Республикасының Ішкі Істер Министрлігі Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы Сакентай Шекарбеков қатысты.
Бұл маңызды шара әскерилердің қызметі мен өміріне қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Казармадағы кең жатын бөлмелер, жаттығу залдары, демалыс бөлмелері заманауи стандарттарға сай жасақталған.