Петропавлда облыстық және аудандық деңгейдегі басшылардың қатысуымен жиын өтті. Кездесуде мемлекеттік қызметшілер 2024 жылдың 9 айындағы атқарылған жұмысты қорытындылады. Сондай-ақ, жиында ммаандардың жұмысын жақсартуға арналған бірқатар ұсыныс та айтылды.

Жиында мемлекеттік қызмет көрсету, кадрлық құрам, қызметшілердің құықығын қорғау және оларды тәртіптік жауапкершілікке тарту сияқты мәселелер талқыланды.

ДАРХАН ЕРМЕКОВ, МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ СҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ:

- Жұмыс уақыты сақталуы бойынша мониторинг тұрақты негізде жүргізіледі. Яғни, мемлекеттік органгарға бару және қашықтық арқылы қызметшілерді үстеме жұмысқа тарту кезінде олардың құқықтарын сақтауға мониторинг жүргізілді. Нәтижесінде, жыл басынан 46 факті анықталды.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің СҚО бойынша департаменті түрлі органдардың тәртіптік комиссиясының қызметіне тұрақты түрде талдау жасайды. Жұмыс уақытының дұрыс болуы да қадағаланады. Айта кетейік, мемлекеттік қызметшілердің мұндай кездесуі биыл алғаш рет ұйымдастырылды.

ДАРХАН ЕРМЕКОВ, МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ СҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ:

- Мониторинг кезінде ең көп құқықбұзушылықтар Тимирязев және Ғабит Мүсірепов аудандарында анықталды. Сәйкесінше, Тимирязев ауданында 6 қызметкердің, Ғ. Мүсірепов ауданында 3 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қорғалды.

Жалпы, облыста 4 мыңнан астам мемлекеттік қызметші бар. Оның 2,5 мыңы – жергілікті атқарушы органдардың өкілі.